«Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» республикалық конкурсының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді

«Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» республикалық конкурсының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді

Астана қаласында Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай өткен «Әлеуметтік вектор: кәсібилік, құрмет, цифрлық болашақ» атты халықаралық форум аясында «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» республикалық конкурсының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді.

Форумға конкурстың өңірлік турының мынадай номинациялар бойынша жеңімпаздары қатысты:

«Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының үздік әлеуметтік қызметкері» – Жанғалова Оксана Булатқызы, «Айыртау әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызметкері;

«Үйде қызмет көрсету ұйымының үздік әлеуметтік қызметкері» – Қантарова Әлия Әбдіреқызы, «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ қызметкері;

«Үздік мемлекеттік әлеуметтік инспектор» – Құсайынова Сәуле Төлегенқызы, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ қызметкері;

«Медициналық-әлеуметтік сараптаманың үздік қызметкері» - Сыздықова Әйгерім Дулатқызы, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ қызметкері;

«Үздік әлеуметтік педагог» – Окунева Любовь Ивановна, «Петропавл балалар әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызметкері;

«Еңбек мобильділігі орталығының (Мансап орталығының) үздік қызметкері» – Нұрмақанов Руслан Темірбекұлы, «Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Мансап орталығы» филиалының қызметкері.

«Үздік әлеуметтік жоба» - «Мой ребенок» ҚБ.

Форум қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Қабыкенқызы Жақыпованың алғыс хатымен марапатталды.