Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күнін тойлау құрметіне арналған

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күнін  тойлау құрметіне арналған

Қазан айының соңғы жексенбісінде кәсіби мереке - Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің  күні атап өтіледі.

Осыған орай, 2025 жылғы 30 қазан күні Qyzyljar Greative Center ғимаратында «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні» кәсіби меркесіне арналған іс-шара өткізілді.

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күнін тойлау - барынша аянбай еңбек етіп,  мұқтаж жандардың игілігі үшін қызмет етіп жатқан адамдарға ерекше назар аударып, құрмет көрсетудің дәстүрлі мерекесі. Біздің қоғамымыздың тұрақтылығы мен жайлылығы халықты әлеуметтік қорғалуына, әлеуметтік кепілдіктерге байланысты.

Осы іс-шараға халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің еңбек ардагерлері, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымы, әлеуметтік салан мемлекеттік мекемелерінің және қоғамдық бірлестіктер мен кәсподақ өкілдері қатысты.

Бұл күні халықты әлеуметтік қорғау жүйесі  қызметкерілерінің еңбегі бағаланып, облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Төс белгілерімен,  Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен  марапатталды.

Салтанатты іс-шара соңында мерекелік концерт қойылды.