«Жастар практикасы» жобасына қатысушы туралы

«Жастар практикасы» жобасына қатысушы туралы

Облыста жас мамандардың алғашқы еңбек тәжірибесін алуына бағытталған «Жастар практикасы» жобасы табысты түрде іске асырылуда.

Жоба кәсіпкерлік субъектілерді қолдауды қамтамасыз етіп қана қоймай, 5 жыл ішінде оқуын аяқтаған оқу орындарының түлектерін жалақысы 30 АЕК (2025 ж. - 117 960 теңге) жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге бағытталған.

Ағымдағы жылы 700-ден астам түлек жұмысқа орналастырылды.

          Жұмысқа орналастырылған жастардың бірі - 2002 жылы туған, Солтүстік Қазақстан университетінің түлегі Суриков Максим Александрович.

«Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша диплом алғаннан кейін Максим  жұмыс іздеп  Мансап орталығына жүгінеді, кейіннен «Жастар практикасы» жобасы бойынша «Элестри ПЛЮС» ЖШС-ға инженер-құрылысшы ретінде жұмысқа орналасты.

Қысқа мерзім ішінде ол өзін жауапты және мақсатты маман ретінде көрсетті.

Жоба бейіндік салада алғашқы тәжірибе алуына тамаша мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда Максим осы компанияда жұмысын табысты жалғастыруда.

Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатысқысы келетін жұмыс берушілер мен түлектер Еnbek.kz порталынан толық ақпарат ала алады  немесе тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына хабарласа алады.