Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Р. С. Елжасов СҚО бойынша еңбек мобильдiлiгi орталығының жаңа басшысын таныстырды.

Басқарма басшысының бұйрығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы бойынша еңбек мобильдiлiгi орталығының директоры лауазымына Нұрлан Төлеуұлы Бибұлаев тағайындалды. Нұрлан Төлеуұлы Бибұлаев 1964 жылы Қостанай облысы Октябрь ауданы Челгашы ауылында дүниеге келген. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын және "Фемида" Қарағанды заң институтын бітірген, "зооинженер" және "заңгер"мамандықтары бар.
Әр жылдары ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының директоры, СҚО әкімі аппаратының бас инспекторы болып жұмыс істеді, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарында басшылық қызметтер атқарды.
Әкімшілік және басқару жұмысында үлкен тәжірибесі бар: - СҚО Есіл ауданы әкімінің орынбасары; - СҚО Жамбыл ауданының әкімі;
- "Солтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" ММ бастығының орынбасары;
- "Солтүстік Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ басшысы;
Соңғы жұмыс орны - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, "Ақ ниет-Агро" ЖШС директоры.