2025 жылғы 8 қазанда жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары А.Қ. Сейітов кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына және Қазақстанның Кәсіптік одақтар күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты.
Іс-шара барысында Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Е. Е. Нұрақаевқа әлеуметтік диалогты дамытуға, қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға және адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға қосқан елеулі үлесін атап өте өтіп, қоғамдық қызметіне табыс, сарқылмас қуат, денсаулық пен амандық тілей отырып, құттықтау хат табысталды.