Еңбек күніне арналған салтанатты іс-шара өткізу

Еңбек күніне арналған салтанатты іс-шара өткізу

2025 жылдың 26 қыркүйегінде С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ғимаратында Еңбек күніне орай еңбек ардагерлері мен «Еңбек жолы» конкурсының лауреаттарын құрметтеу бойынша салтанатты іс-шара өтті.

Жанқиярлық еңбегі, іске адалдығы және белсенді өмірлік ұстанымы үшін өндірістік алаңдар мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс істейтін тоғыз еңбек ардагеріне облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды.

Сонымен қатар, «Еңбек жолы» конкурсында «Үздік еңбек әулеті», «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» және «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациялары бойынша бірінші орын алған қатысушыларға дипломдар табысталды.

Облыс әкімінің атынан қатысушыларды облыс әкімінің бірінші орынбасары М. И. Тасмағанбетов құттықтады. «Ардагерлер ұйымы» ҚБ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы И. И. Елеусізов және СҚО Кәсіподақ орталығының төрағасы Е. Е. Нұрақаев марапатталушыларды  құттықтау сөздерін жаудырды.