2025 жылғы 15 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Р.С. Елжасовтың төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы мүгедектер істері жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыста «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының облыста мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі жоспардың орындалуы, аурудың ерте кезеңдерінде медициналық оңалту шараларын ұсыну сияқты бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
Отырысқа Мүгедектігі бар адамдар істері жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшелері, аудандар мен Петропавл қаласы әкімдерінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлары, облыс әкімінің мүгедектігі бар адамдар істері жөніндегі кеңесшісі және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың өкілдеріне қарастырылған мәселелер бойынша тиісті нұсқаулықтар берілді.