«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының
29-бабы 2-тармағына, «Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2023 жылғы 28 наурыздағы № 154 Жарлығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2025 жылғы 11 тамыздағы № 85-ө өкімімен халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкіл лауазымы енгізіліп, оған Жайлаубаева Бақыт Жаңабайқызы тағайындалды.
Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкіл ай сайын (екінші сәрсенбіде) сағат 11-00-ден 13-00-ге дейін Петропавл қ., Абай көшесі, 64-үй мекенжайы бойынша орналасқан «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ ғимаратының № 106-кабинетінде азаматтарды қабылдайды. Байланыс телефоны: +7 777 925 5837.