Білім күні

Білім күні

Ағымдағы жылғы 2 қыркүйекте «Арман» Петропавл балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызмет алушылары № 13 орта мектепте оқу жылының басталуына орай өткен салтанатты іс-шараға қатысты. Алғашқы сабақтар (сынып сағаты) Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналды.

Әрі қарай Орталықта балалар таза ауда ойындар ойнады, аниматордың қатысуымен шоу тамашалады және шай ішті, достық атмосферада өткен  «Балаларға қуаныш сыйлайық!» атты іс-шараға қатысты.

«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Орталық қызметкерлері бір қызмет алушыға көмек көрсетті.