Мемлекеттің халықтың әлеуметтік осал топтарына көрсететін қолдау шаралары

Мемлекеттің халықтың әлеуметтік осал топтарына көрсететін  қолдау шаралары

Мемлекеттің қолдауының арқасында Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адам «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша оқуын сәтті аяқтап, өз ісін ашу мүмкіндігіне ие болды. Ол 1,5 млн. теңге көлемінде мемлекеттік грант алып, құс өсірумен айналысты.

Бүгінде сотталған адам ресми түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркелді, құс өсіру қызметін таңдай отырып, өз ісін дамытуда.

Мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар бейімделуге, жаңа кәсіпті игеруге және жаңа іс бастауға мүмкіндік алады.