Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссия отырысын өткізу туралы

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссия  отырысын өткізу туралы

        Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы  (бұдан әрі – Басқарма) 2025 жылдың 13 тамызда сағат 12.00 Шетелдік жұмыс күшін тарту үшін рұқсат беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) отырысының өтетінін хабарлайды.

        Комиссия отырысы Петропавл қаласы, Абай көшесі 64 мекенжайы бойынша орналасқан Басқарманың кіші залында өтеді.

       Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығымен бекітілген «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыруға рұқсаттар беру және (немесе) ұзарту қағидалары мен шарттарына» сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған құжаттардың толық тізбесі комиссия отырысында ұсынылған «Барс» ШҚ, Зенченко и Компания» КС және "Қызылжар МТС-Агро" ЖШС  құжаттама топтамасында көрсетілген.

Қосымша сұрақтар бойынша Басқарманың уәкілетті өкілі – шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның хатшысына 8(7152) 46-37-43, pereselenie-ukzsp@sqo.gov.kz электрондық поштасы, басқарманың ukzsp.sko.gov.kz веб-сайты арқылы хабарласуға болады.