Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының алқасын өткізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының алқасын өткізу туралы

2025 жылғы 01 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Р. С. Елжасовтың төрағалығымен 2025 жылғы II тоқсандағы жұмыс қорытындылары және 2025 жылғы III тоқсанға арналған жоспарлар туралы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының алқасы өтті.

 


Алқа жұмысына жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасарлары, басқарма бөлімдерінің басшылары, аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, отбасын қолдау орталықтарының, еңбек мобильділігі орталығының және мансап орталықтарының филиалдарының директорлары қатысты.

 


Алқа барысында басқарма бөлімі басшысының ақпараты тыңдалып, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасарларының баяндамалары тыңдалды. Басқарма басшысы одан әрі қызмет бойынша тиісті тапсырмалар берді.