Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары қызмет алушыларының мәдени және табиғи көрікті жерлерге баруы

Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары қызмет алушыларының мәдени және табиғи көрікті жерлерге баруы

Жазғы кезеңде әлеуметтік-мәдени қызметтер көрсету, сондай-ақ қызмет алушыларды бос уақытты өткізу шараларына тарту шеңберінде ведомстволық бағынысты мекемелер — Преснов әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығы «Надежда», Смирнов әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығы және Айыртау әлеуметтік қызмет көрсету орталығы тарапынан қызмет алушылар үшін Петропавл қаласына, Жамбыл, Айыртау және Тайынша аудандарына бірқатар экскурсиялар мен көрнекті орындарға сапарлар ұйымдастырылды, сондай-ақ Бурабайға да экскурсия өткізілді.

Экскурсияларға 200-ден астам қызмет алушы қатысып, Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі, ботаникалық бақ, Абылай хан Резиденциясы музейлік кешені, Александр Винокуров атындағы спорт сарайы, И.П. Шухов музейі, Шалқар көлі, Көкшетау қаласындағы әдебиет және өнер музейі, Бурабай және «Қазақстан жұлдызы» сакралды орнына барды.

Экскурсиялар қызмет алушыларға өңірдің тарихы және мәдениеті, жергілікті табиғаттың сұлулығымен танысуға, жағымды эмоциялар мен жарқын әсер алуға мүмкіндік берді.