2025 жылғы 30 шілдеде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы А.Қ. Баймұқанов «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасындағы инновациялар мен өзгерістер туралы» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинарын өткізді. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек өтілін есептеу, ротациялау және демалыс тәртібі, сондай-ақ Әдеп нормаларының сақталуы туралы түсініктемелер берілді. Бұдан басқа, барлық мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет туралы заңнамадағы жоспарланған өзгерістер туралы хабарланды.