Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілімен кездесу

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің  Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілімен кездесу

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын сақтау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасының мониторингі жөніндегі қызмет аясында 2025 жылғы 22 шілдеде «Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-да Қазақстан Республикасында адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі қызмет алушылардың туыстарымен және қоғамдық кеңес өкілдерімен онлайн-кездесті.

Іс-шара барысында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілінің осы жылдың маусым айында Орталыққа бару қорытындылары айтылды.  Онда тұру жағдайлары, қызмет көрсету сапасы, сондай-ақ бұрын берілген ұсыныстардың орындалуы сияқты мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, кездесу аясында Қоғамдық кеңестің ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында өткізген  мониторинг қорытындылары туралы ақпарат ұсынылды.