Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілімен кездесу

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің  Солтүстік Қазақстан облысы бойынша  өкілімен кездесу

2025 жылғы 17 шілдеде «Надежда» Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-да Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілінің қызмет алушылардың туыстарымен және қоғамдық кеңес өкілдерімен онлайн-кездесуі өтті.

Кездесу мақсаты құқықтық сауаттылықты арттыру, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау және ілгерілету, мүгедектігі бар адамдарды кемсітуге жол бермеу, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі және оның міндеттері туралы хабардар ету болып табылады.

Кездесу барысында ағымдағы жылғы маусым айында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілінің Орталыққа бару қорытындылары сөз болды, әлеуметтік қызмет көрсету және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жекелеген ұсынымдар берілді.