Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес адам (отбасы) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылудың негіздердің бірі әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездік болып табылады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, адам саудасына, оның ішінде кәмелетке толмағандарға, оларды пайдаланудың өзге де түрлеріне байланысты іс-әрекеттер, сондай-ақ жасалған іс-әрекеттер бойынша қылмыстық іс қозғау фактісінің болуына қарамастан адамдарды ұрлау әлеуметтік бейімсіздік пен әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездіктің нысандары болып табылады.
«Әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі облыстағы адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтердің өнім берушісі болып табылады, онымен үш жылдық кезеңге (2023-2025 жылдар) ұзақ мерзімді шарт жасалған.
Ағымдағы жылдың басынан бастап адамдарды адам саудасының құрбаны және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп тану фактілері расталған жоқ.
Облыста Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанынан адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссия құрылды, Комиссия құрамы бекітілді. Комиссия заңсыз әкетуге, әкелуге, адам саудасына қарсы күрес және адам саудасының құрбандарына көмек көрсету мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында құрылды.
Жұртшылықтың және тәуекел топтарының адам саудасы проблемасы туралы хабардарлығын арттыру жөніндегі ақпараттық-насихаттау іс-шаралары аясында әуежайларды, вокзалдарды, қоғамдық орындарды, қоғамдық тамақтану объектілерін және т. б. қоса алғанда, кіру/шығу өткізу пункттерінде материалдар (тақтайшалар, брошюралар, сенім телефондары, жедел желілер телефон нөмірлері көрсетілген буклеттер) орналастырылады.
Облыс аумағында осы тақырып бойынша әртүрлі көлемдегі 10 баннер орнатылған.