2025 жылғы 14 шілдеге Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Петропавл қаласы мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, Мансап орталықтарының және Солтүстік Қазақстан облысының Еңбек мобильділігі орталығының мамандарымен бейнеконференцбайланыс (ZOOM) арқылы жұмыс кеңесін өткізді.
Кеңесте жекелеген санаттағы азаматтарды квоталанатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, жөнінде жоспарды орындау бойынша проблемалық мәселелер қаралды.
Отырыс барысында аудандар мен Петропавл қаласының жұмыспен қамту органдарының өкілдері тыңдалды, олар осы міндеттерді шешу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы, жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілгені туралы айтты.