Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыру бойынша семинар

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыру бойынша семинар

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін реформалау жөніндегі іс-шараларды іске асыру аясында Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары мамандары командасының пәнаралық біліктілік деңгейін арттыру мақсатында ағымдағы жылғы 7-10 шілде аралығында «Петропавл балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ базасында Алматы қаласы «Кеңес» орталығының мамандары оқыту семинарын өткізді.

Семинар нәтижеге бағдарланған арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыруға арналды, күндіз болу бөлімшесінде қызмет алушылармен түзету жұмысы, психомоторика және емдік дене шынықтыру бойынша теориялық, практикалық сабақтар өткізілді.

Семинар соңында екі балаларға арналған орталықтың 26 маманына (Петропавл балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, «Арман» Петропавл балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығы) сертификаттар берілді.