Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары жанындағы Қоғамдық кеңестердің қызметі туралы

Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары жанындағы  Қоғамдық кеңестердің қызметі туралы

Қызмет алушылардың құқықтарының сақталуына, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жүргізу үшін барлық Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында 2020 жылдан бастап қызмет алушылардың туыстары, мәслихат депутаттары, ҮЕҰ өкілдері және т. б. кіретін Қоғамдық кеңестер жұмыс істейді. 

Қоғамдық кеңестер жыл сайын жылына 2 рет БАҚ-та және мекемелердің әлеуметтік желілерінің парақшаларында қорытындыларын жариялай отырып  мекемелердің қызметіне бақылау жүргізеді.

Қоғамдық кеңестердің 2025 жылғы 1-жартыжылдықтың қорытындысы бойынша  отырыстары өтті. Мониторинг барысында Қоғамдық кеңес мүшелері мекемелердің құрылымдық бөлімшелерін, шаруашылық-тұрмыстық үй-жайларды, тұрғын бөлмелерді қарап шықты, қызмет алушылармен әңгімелесті, қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан қаражатты жұмсау, материалдық-техникалық базаны нығайту, қызмет алушылардың бос уақытын ұйымдастыру және т. б. мәселелерді қарады. 

Жүргізілген бақылау қорытындылары БАҚ-та жарияланатын болады.