Жұмысшы мамандықтар жылына қатысты іс-шаралар аясында облыстық бос орындар жәрмеңкесін өткізу

Жұмысшы мамандықтар жылына қатысты іс-шаралар аясында  облыстық бос орындар жәрмеңкесін өткізу

Жұмысшы мамандықтар жылына арналған іс-шаралар аясында ағымдағы жылғы 27 маусымда Петропавл қаласындағы Жастар сарайында облыстық бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шара жастардың, түлектердің және жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуге және кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған.

Жәрмеңкелер кәсіпорын өкілдеріне жұмыс күшіне деген кадрлық қажеттіліктерін жариялауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, жұмыс іздеушілер жұмыс берушілермен тікелей сөйлесіп, алғашқы байланыс орната отырып, түйіндемелерін ұсынады, бос жұмыс орындары, еңбек жағдайлары туралы ақпарат алады, тіпті алдын-ала сұхбаттаса алады.

Жұмыс іздеген адамдар үшін 1800-ден астам, оның ішінде жұмыс мамандықтары бойынша жұмыс орнын ұсынған облыстың 40-тан астам кәсіпорны мен ұйымы бос жұмыс орындарының кең спектрін ұсынды. Бұлар өнеркәсіп, көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы және басқа салалардағы кәсіпорындар болып табылады.

Жәрмеңкелерге 700 ден астам жұмыс іздеуші қатысты.