Ведомстволық бағынысты әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қатысуымен алқа отырысы

Ведомстволық бағынысты әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қатысуымен алқа отырысы

2025 жылғы 27 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Р. С. Елжасовтың төрағалығымен ведомстволық бағынысты Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қаптысуымен 2025 жылдың І-жартыжылдығының қорытындысы және мекемелер қызметіндегі негізгі міндеттер бойынша алқа отырысы өтті.

Алқа жұмысына басқарма басшысының орынбасарлары, басқарма бөлімдерінің басшылары, ведомстволық бағынысты Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының директорлары қатысты.

Алқа барысында Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары директорларының есептері тыңдалды, жұмысты одан әрі ұйымдастыру және жоспарлы іс-шараларды орындау бойынша тиісті тапсырмалар берілді.