Халықты жұмыспен қамтудың кейбір мәселелері бойынша кеңес

Халықты жұмыспен қамтудың кейбір мәселелері бойынша кеңес

2025 жылғы 12 маусымда Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бейнеконференцбайланыс (ZOOM) арқылы аудандар мен Петропавл қаласының  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен, Мансап орталықтарымен, сондай-ақ Еңбек мобильділігіорталығымен халықты жұмыспен қамтудың кейбір мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңес барысында 2025 жылға белгіленген азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квоталарын іске асыру; «Әрбір 10,0 мың тұрғынға кемінде 100 жаңа жұмыс орнын құру» индикаторын іске асыру; Ұлттық жобалар мен даму тұжырымдамалары аясында жұмысқа орналастыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар, жыл сайын өтетін Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз»  конкурстың облыстық турын өткізуге дайындық талқыланды.

Кеңес нәтижелері бойынша аудандар мен Петропавл қаласының ақпараты назарға алынып, одан әрі істелетін жұмыс бойынша ұсынымдар әзірленді.