Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірыңғай цифрлық платформасы арқылы бизнес-процестерді әлеуметтік қолдау шараларын цифрландыру жөніндегі тапсырмасы аясында ағымдағы жылғы 9-10 маусымда Жамбыл және Тайынша аудандарының Отбасын қолдау орталықтарының базасында FSM Social мобильдік қосымшасы бойынша семинарлар өткізілді.
Цифрлық платформаны енгізу әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну аясында әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, ішкі істер және пробация органдары салаларындағы мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейтуге мүмкіндік береді.