2025 жылғы 30 мамырда бейнеконференцбайланыс (ZOOM) арқылы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы аудандар мен Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын дайындау және өткізу бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
Конкурс ағымдағы жылғы 31 наурызда басталды.
Бүгінгі таңда 16 кәсіпорын номинация бойынша өтінім берді: 1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»- 11, 2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» - 1, 3) «Үздік ұжымдық шарт» 2, 4) «Экологияға қосқан үлесі үшін» -1 төрт.
Аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері ағымдағы жылғы 1 шілдеге дейін Конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдауды жалғастырады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерін «Парыз 2025» конкурсына қатысуға шақырамыз.