
Құрметті тұрғындар!
Мемлекеттік сатып алу веб-порталының деректеріне сәйкес 28.10.2025 жылға арналған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің жалпы жоспары 370,7 млрд. теңге сомасына жоспардың 111 816 тармағын құрады, оның ішінде 35,4 млрд. теңге сомасына тауарлар, 258,1 млрд. теңге сомасына жұмыстар және 77,2 млрд. теңге сомасына қызметтер.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы 28.10.2025 жылға 186 558 млн. теңге сомасына 775 конкурстық рәсім жариялады. 174 285,9 млн. теңге сомасына 730 сатып алу бойынша қорытындылар шығарылды, 4 414,2 млн. теңге сомасына 25 сатып алу бойынша ашылу мерзімі басталған жоқ.