
2026 жылғы 27 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің экономика басқармасының қызметкерлері қызметтік әдеп және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері жөніндегі семинарға қатысты.
Әдеп жөніндегі уәкіл Екатерина Әубәкірова мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуі үшін мемлекеттік қызметшінің моральдік-әдептік бейнесінің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер қаралды.
Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ұсынымдар берілді.