
Кездесу аясында өңірлік даму, халықты әлеуметтік қолдау және кәсіпкерлік белсенділікті күшейту жөніндегі шаралар мәселесі талқыланды.
Еран Сағнаев Үкіметтің шағын және орта бизнесті қолдаудың субсидиялау мен кредиттерге кепілдік беруден бастап, ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсартуға және жұмыс орындарын құруға бағытталған инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды іске асыруға дейінгі іске асырып жатқан құралдары туралы егжей - тегжейлі айтып берді.
Сапар барысында Вице-министр «Ауыл аманаты» жобасы аясында іске асырылып жатқан бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық объектілермен танысты. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 2025 жылы республикалық бюджеттен 1,5 млрд.теңге көзделген.
Олардың бірі - 2024 жылы Бескөл ауылында ашылған өзіне-өзі қызмет көрсететін автокөлік жуу орны. Жобаны іске асыруға 5,5 млн теңге бөлінді.
Сондай-ақ, Ерлан Сағнаев 1990 жылы Бескөл ауылында салынған №2 орта мектебін көріп шықты. 2025 жылы оқу орны «Ауыл-ел бесігі» жобасы бойынша 107 млн теңгеге жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу есебінен жаңартылды.
«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы ауданда белсенді түрде іске асырылуда: 2024 жылы бір жобаға 458,5 млн.теңге бөлінді, ал 2025 жылға екі жаңа жобаға 300 млн. теңге қарастырылды.
Ерлан Сағнаев тұрғындармен кездесу барысында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ бизнес пен ауылдық елді мекендерді қолдау жөніндегі алға қойылған жоспарларға қатысты өзекті мәселелерге жауап берді.
Сапарды қорытындылай келе, Ұлттық экономика министрлігі халық көтерген мәселелерді шешу бойынша мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмысты жалғастыратынын атап өтті.