Өңірлердің экономикалық өсуінің жаңа нүктелерін құру және өңірлік дамудағы теңгерімсіздіктерді жою

Өңірлердің экономикалық өсуінің жаңа нүктелерін құру және өңірлік дамудағы теңгерімсіздіктерді жою

2025 жылдың 5 маусымында Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысының тұрақты дамуы, экономикалық өсу нүктелерін қалыптастыру және өңірлік теңгерімсіздіктерді теңестіру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға әкімдіктің, бизнес-қоғамдастықтың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ экономика саласындағы сарапшылар қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыбы - басым бағыттарды, мемлекеттік қолдау шараларын және тұрақты өсуді қамтамасыз ету тетіктерін айқындайтын негізгі стратегиялық құжат - облысты және аудандарды дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспарын әзірлеу үшін практикалық ұсыныстарды қалыптастыру болды.

Талқылау барысында мынадай мәселелер қозғалды:

инвестициялық белсенділікті қолдау және экономиканы әртараптандыру;

өмір сүру сапасының өңірлік стандарттары жүйесін енгізу;

аграрлық сектордың басымдықтары және ауыл шаруашылығын қолдау шаралары;

өңірдің индустриялық-инновациялық дамуы және өнеркәсіптік әлеуеті;

демографиялық жағдай және халықты, әсіресе жастарды ауылдық аудандарда бекіту жөніндегі шаралар.