Таза қала – таза ел

Таза қала – таза ел

Ауқымды республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 2025 жылғы 1 мамырда Петропавл қаласында Бірінші Президент саябағында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Таза қала – таза ел» акциясы өткізілді.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов діни бірлестіктердің басшыларымен, этномәдени бірлестіктер жетекшілерімен, ардагерлермен және белсенді азаматтармен бірге ағаш отырғызуға қатысты.

Солтүстік Қазақстан облысы азаматтар, ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың табиғатты қорғаудағы күш-жігерін біріктіруге бағытталған бастаманы белсенді қолдайды. Көгалдандыру – бұл жай ғана ағаш отырғызу емес, бұл – өңіріміздің, еліміздің және балаларымыздың болашағына қосқан үлес.

Мұндай бастамалар қоршаған ортаны жақсартуға, барлық тұрғындар үшін қолайлы климат қалыптастыруға ғана емес, сонымен қатар конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайтуға септігін тигізеді.