Олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжінің оқушыларымен кездесу

Олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжінің оқушыларымен кездесу

24 сәуір күні Солтүстік Қазақстан облысы Дін істері басқармасы бөлімінің басшысы олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің оқушылары және студенттерімен кездесу өткізді. Іс-шараға 80-нен астам адам қатысты.

Кездесудің мақсаты жастардың діни сауаттылығын арттыру және зайырлы мемлекет қағидаттарын саналы түрде түсінуін қалыптастыру болды. Әңгіме барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі ережелері түсіндірілді. Ерекше көңіл діни әралуандылық мәселелеріне, әртүрлі дүниетанымдарға құрметпен қарау қажеттілігіне және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөліне бөлінді.

Іс-шара барысында қатысушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, пікірлерін ортаға салды және сарапшы тарапынан толыққанды жауаптар алды. Мұндай ашық әңгіме жастардың құқықтық мәдениетін нығайтуға, сыни ойлауын дамытуға және әсіресе діни білімге қатысты ақпарат көздерін саналы түрде таңдауға ықпал етеді.