Спортшылармен кездесу

Спортшылармен кездесу

2025 жылғы 25 сәуірде үстел теннисі орталығының базасында дене шынықтыру және спорт Басқармасымен бірлесіп спортшылар мен жаттықтырушыларға арналған түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Спикер ретінде бөлім басшысы Н. Нұрмағамбет сөз сөйледі.

Спортшылармен және жаттықтырушылар құрамымен кездесу барысында Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі ережелері түсіндірілді.

Өскелең ұрпақты-жаңадан бастаған спортшыларды рухани-адамгершілік тәрбиелеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шараға қатысушылар әңгімеге белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сарапшыдан толық жауаптар алды.