Жас мамандарды қолдау: «Нұр-Мүбарак» университетіндегі кездесу

Жас мамандарды қолдау: «Нұр-Мүбарак» университетіндегі кездесу

Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы – Дін істері басқармасының, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің және ҚМДБ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының өкілдері Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» университеті ұйымдастырған түлектердің жыл сайынғы кездесуіне қатысты. Іс-шараның мақсаты – өңірлерге білікті теологтар, исламтанушылар және ұстаздарды тарту мақсатында мүдделі мемлекеттік органдар мен ресми дін өкілдерін жинау болды. Кездесуге университет ректоры, профессор Ахмед Хусейн Мұхаммад Ибрахим, ҚМДБ-ның наиб мүфтиі және ҚР МСМ Дін істері комитетінің діни оқу орындарымен өзара іс-қимыл басқармасының басшысы қатысты.

Кездесу аясында түлектерге Дін істері басқармасының қызмет бағыттары және жас мамандарды қолдау мен жұмысқа орналастыруға бағытталған әлеуметтік бағдарламалар туралы жан-жақты ақпарат берілді. Ерекше назар тағылымдамалардан өту, тәжірибеге бағытталған жобалар мен діни сауаттылықты арттыруға және конфессияаралық келісімді нығайтуға ықпал ететін бастамаларға қатысу мүмкіндіктеріне аударылды.

Мұндай іс-шаралар жас мамандарға кәсіби даму перспективасын ашып қана қоймай, сонымен қатар жұмыс жағдайында дұрыс бағдарлануға, алғашқы іскерлік байланыстар орнатуға және жеке мансап жолын сенімді түрде құруға көмектеседі.