Жария талқылауды өткізу туралы хабарландыру 2025 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобалары

Жария талқылауды өткізу туралы хабарландыру 2025 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобалары

"СҚО әкімдігінің дін істері басқармасы"КММ Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы №18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және оның нәтижелерін бағалау қағидаларына сәйкес 2025 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жария талқылау өткізілетіні туралы хабарлайды.

Жария талқылау 2024 жылғы «29»  қазан мен 2024 жылғы «12» қараша     аралығында 10 жұмыс күні ішінде онлайн форматта өткізіледі. Сұрақтар, түсініктемелер, ұсыныстар, ескертулер жазбаша түрде (электрондық мекенжайға rezerv_udr@mail.ru) ауызша түрде де (тел. 8 7152 705782) қабылданады, сондай-ақ түсініктемелерді сайтта қалдыруға болады.

Жобалар тізіміне сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-udr/documents/details/741774?lang=kk  

Анықтама телефоны: 8 7152 705782.