Ағымдағы жылдың 1-2 қазанында Петропавл қаласындағы Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханасының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің жобасы аясында СҚО ДІБ қолдауымен дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Іс – шараға «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының» мамандары мен теологтары, ҚАЖД қызметкерлері, терроризмге қарсы комиссиялардың әкім-хатшыларының кеңесшілері, аудандар мен қаланың ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, дін саласындағы мәселелер жөніндегі мамандар, аудандар мен қаланың ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, сондай-ақ ҚМДБ СҚО бойынша филиалының діни қызметкерлері қатысты.
Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері -шешендік өнер және коммуникациялар бойынша жаттықтырушы және сарапшы Аманбек Толқын және маман-психолог Шакимова Лола Сергеевна қатысты.
Толкын Аманбек «Шешендік: қалай сенімді сөйлеуге болады» тақырыбында сөйлеу техникасының меңгерудің тиімді жолдарын атап өтіп, дұрыс диалог құруды, үннің құлаққа жағымды, сөздің, буынның ашық, айқын болуына септігін тигізетін тәсілдермен бөлісті.
Шакимова Лола Сергеевна «ДДА көшбасшыларының, осал деструктивті тұлғалардың психологиясы» тақырыбымен қатысушыларға жастар арасындағы тәуекел топтарын анықтау үшін профайлинг техникасын, яғни, қылмыс жасауға дайын тұрған тұлғаның сыртқы келбетіне, мимикасына, жүріс-тұрысына қарап қалай анықтауға болатынын түсіндірді.