Тайынша ауданындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Тайынша ауданындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

2024 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті іске асыратын жоба шеңберінде СҚО әкімдігі Дін істері басқармасының қолдауымен жастардың нысаналы топтарымен ақпараттық-профилактикалық іс-шаралар кешені ұйымдастырылды.

Деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында қыздар жамағатымен, NEET санатындағы жастармен, оқушылармен, студенттермен, оқытушылармен, спортшылармен  және жаттықтырушылармен кездесулер өткізілді.

Іс-шараның спикерлері ретінде республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелер қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі талаптары, оларды бұзғаны үшін жауапкершілік жеткізіліп, деструктивті діни ағымдардың белгілері қарастырылды. Сондай-ақ кездесу барысында туындаған барлық сұрақтарға жауап алынды.