2024 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрлігінің Дін істері комитетінің бес күндік жобасы аясында СҚО әкімдігі Дін істері басқармасының қолдауымен Ленинград ауыл шаруашылық колледжінің стдуенттеріне және ұстаздарына арналған оқыту семинары өтті.
Іс – шарада келесі тақырыптар қарастырылды: «Деструктивті жалған діни ағымдарға тарту әдістері»; «Қазақстан Республикасындағы зайырлық қағидасының маңызы».
Аталған жобаның мақсаты - жастардың экстремизмге қарсы санасын қалыптастыру, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, Қазақстан жастарын радикалды және деструктивті діни ағымдарға тартуға жол бермеу.
Іс-шара спикері: Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Солтан Роза – Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының теологі.