Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясының оқушылары мен оқытушыларына арналған республикалық ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы

Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясының оқушылары мен оқытушыларына арналған республикалық ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы

2024 жылғы 2қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрлігінің Дін істері комитетінің бес күндік жобасы аясында СҚО әкімдігі Дін істері басқармасының қолдауымен Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған гимназия-интернатының оқушыларымен және оқытушыларымен оқыту семинары өтті.

Іс – шарада келесі тақырыптар қарастырылды: «Қазақстан Республикасындағы жалпы білім берудің зайырлы сипаты» және «Дін мен дәстүр сабақтастығы».

Аталған жобаның мақсаты - жастардың экстремизмге қарсы санасын қалыптастыру, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, Қазақстан жастарын радикалды және деструктивті діни ағымдарға тартуға жол бермеу.

Іс-шара спикері: Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Өмірханов Мақсат Ерланұлы – Абай облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ директоры.