Студенттерге арналған ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы

Студенттерге арналған ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы

2024 жылдың 25 сәуірінде Діни экстремизм туралы профилактикалық ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде СҚО әкімдігінің Дін істері басқармасының бас маманы Н. Нұрмағамбет Солтүстік Қазақстан облысының кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Іс-шара барысында жастарды әлеуметтік желілер арқылы теріс ағымға тарту әдістерін, зайырлы мемлекеттің қағидаттары туралы сөз қозғалды. Кездесуге қатысушылар белсенді түрде қатысып, өз сұрақтарын қойды. Қойылған сауалдарға толық жауаптар алынды. Студенттермен осындай іс-шаралар әліде жалғасын таппақ.