Ақпараттық сапар

Ақпараттық сапар

26-28 наурыз аралығында Дін істері басқармасы Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығымен бірлесіп Уәлиханов, Ақжар және Тайынша аудандарында ақпараттық-түсіндіру сапарын ұйымдастырды. ДІБ басшысы Р. Қасенова, КҚТДО қызметкерлері Н.Беков және А.Серіков ақпараттық-түсіндіру іс-шараларының кешенін, оның ішінде кездесулер, әңгімелер, сауалнамалар, оқыту семинарлары, сондай-ақ ішкі саясат бөлімдерінің мамандарына, аудандық АТТ мүшелеріне әдістемелік және консультациялық көмек көрсетті.

Іс-шаралармен қамтылған нысаналы топтардың қатарында пробация қызметкерлері мен пробация қызметінде есепте тұрған адамдар, колледж студенттері, қандастар, діндар жастар, спорт және жастар ұйымдарының өкілдері, ауылдық округтердің әкімдері бар. Қатысушыларға келесі тақырыптарда сөз сөйленді: мемлекеттің зайырлы қағидаттары, ҚР Дін саласындағы қолданыстағы заңнамасының негізгі ұстанымдары, шетелде теологиялық білім алудың қауіпсіздігі, тексерілмеген көздерден діни білім алу тәуекелдері, прозелиттік қызмет пен интернеттегі арбау және т. б.

Барлық туындаған сұрақтарға спикерлер толық жауап берді.