Ұстаздармен ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы

Ұстаздармен ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы

2024 жылдың 14 наурызда Діни экстремизм туралы профилактикалық ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде СҚО әкімдігінің Дін істері басқармасының бас маманы Нұрмағамбет Н. Петропавл қаласының «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия-интернаты» КММ-нің ұстаздарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жастарды әлеуметтік желілер арқылы теріс ағымға тарту әдістерін, зайырлы мемлекеттің қағидаттары туралы сөз қозғалды. Кездесуге қатысушылар белсенді түрде қатысып, өз сұрақтарын қойды. Қойылған сауалдарға толық жауаптар алынды. Ұстаздармен кездесу іс-шаралары әліде жалғасын таппақ.