ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР БАСШЫЛАРЫ КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР БАСШЫЛАРЫ КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

1 наурызда Петропавл және Булаев епархиясының базасында ағымдағы жылы Солтүстік Қазақстан облысының діни бірлестіктері басшылары клубының бірінші отырысы өтті. Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысының барлық конфессияларының басшылары шақырылды.

Кездесуді аша отырып, СҚО әкімдігі Дін істері басқармасының басшысы Р. И. Қасенова қатысушыларды Алғыс айту күнімен құттықтап, баршаңызға ортақ үйіміз — Қазақстан Республикасына жақсылық, денсаулық, амандық, өркендеу және бейбіт аспан тіледі!

Діни бірлестіктердің басшылары бір-бірін Алғыс күнімен құттықтап, ағымдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті.

Отырыста қатысушылар бірлескен іс-шараларды талқылап, кездесу соңында клубтың келесі отырысының күні мен күн тәртібін анықтады.