Ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы

Ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы

2024 жылдың 16 ақпанында Діни экстремизм туралы профилактикалық ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде СҚО бойынша ДІБ Конфессияаралық қатынастарды дамыту және талдау орталығының қызметкері Балкашев Р. және СҚО әкімдігінің Дін істері басқармасының бас маманы Нұрмағамбет Н. Петропавл қаласының ата-аналар қауымдастығымен кездесу өткізді. Кездесу барысында әлеуметтік желілер арқылы теріс ағымға тарту әдістерін, зайырлы мемлекеттің қағидаттары туралы сөз қозғалды. Кездесуге қатысушылар белсенді түрде қатысып, өз сұрақтарын қойды. Қойылған сауалдарға толық жауаптар алынды. Ата-аналармен кездесу іс-шаралары әліде жалғасын таппақ.