Дiни бiрлестiктер арасында дәстүрлi тағамдар байқауы

Дiни бiрлестiктер арасында дәстүрлi тағамдар байқауы

19 қарашада Дiн iстерi басқармасы Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығына арналған СҚО дiни бiрлестiктерi арасында дәстүрлi тағамдар конкурсын ұйымдастырды. Iс-шараға облыс әкiмiнiң орынбасары Ғ. Нығыметов қатысты. Қазылар алқасы қатысушыларды 4 номинация бойынша бағалады. «Дәстүрлi ұлттық колорит» номинациясында «КМДБ» РИДБ «Қызылжар» қалалық мешiтi дiни бiрлестiк жеңiмпаз атанды, «Үстелдi безендiрудегi шығармашылық тәсiл» номинациясында «Петропавл және Булаев епархиясы» дiни бiрлестiк өкiлдерi өздерiн үздiк көрсеттi, «Ұмытылған тағамдардың жаңаруы мен тарихы» номинациясы бойынша «Солтүстiк Қазақстан облысының «Евагельдiк Сенiм Мәсiхшiлерiнiң Сенушiлер Қауымы» және «Солтүстiк Қазақстан облыстық Кришна сана қоғамы» дiни бiрлестiктер жеңiмпаз атанды, «Креативтi қойылым» номинациясында «Солтүстiк Қазақстан обысының «Босатылу» Евангельдiк сенiм Мәсiхшiлерiнiң Сенушiлер Қауымы» және «Евангельдiк сенiм Мәсiхшiлерiнiң Сенушiлердiң «Еммануил» қайырымдылық және евангелизм Миссиясы» дiни бiрлестiктер өкiлдерi қатысты. Iс-шара соңында облыс әкiмiнiң орынбасары Ғани Нығыметов байқауға қатысушыларға алғысын бiлдiрiп, оларға бейбiтшiлiк, келiсiм және өркендеу тiлеп, сыйлықтар табыс еттi.