Ақпараттық-түсiндiру жұмысы

Ақпараттық-түсiндiру жұмысы

Ағымдағы жылдың 17 қарашасында СҚО әкiмдiгiнiң дiн iстерi басқармасының қызметкерлерi Петропавл қаласының «Алтын Арман» базарында жұмыс iстейтiн тәжiк диаспорасы өкiлдерiмен профилактикалық сипаттағы ақпараттық-түсiндiру iс-шарасын өткiздi. Кездесу барысында құқық бұзушылықтарға жол бермеуге және күмәндi сайттардан ақпарат алудың қауiптiлiгiне назар аудара отырып, ҚР Дiн саласындағы қолданыстағы заңнамасының негiзгi қағидаттары түсiндiрiлдi. Барлық қатысушыларға ҚР ӘҚБтК-нiң 490-бабының 1-бөлiгi және 3-бөлiгi және 489-бабы түсiндiрмелерi бар буклеттер мен флаерлер таратылды.