Рухани келісім күнімен құттықтау

Рухани келісім күнімен құттықтау

Баршаңызды Рухани келісім күнімен құттықтаймын! Бұл қоғамдағы тұрақтылық пен келісім үшін ұлт пен дінге қарамастан бәрімізді біріктіретін күн.

Қазақстанда құрылған мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынастарының моделі діндарлардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге, қоғамдық және діни мүдделер теңгеріміне, әріптестік қатынастарына және өзара түсіністікке ұмтылуға негізделген.

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 11 конфессияны білдіретін 136 діни бірлестік пен филиал жұмыс істейді. Діни бірлестіктердің басшылары бүгінде конфессиялық ортадағы мемлекеттік бастамаларға қолдау көрсетіп, діни толеранттылықты нығайтуға және қазақстандық қоғамның бірлігі мен тұрақтылығын сақтауға елеулі үлес қосуда.

Тәуелсіздіктің 30 жылы ішіндегі біздің басты жетістігіміз — ұлтаралық және конфессияаралық келісім.

Баршаңызға ашық аспан, келісім мен тұрақтылық, мықты денсаулық, жақсылық, табыс тілеймін және жақындарыңызға өзара құрмет, қамқорлық және игі істер әрқашан біздің ортақ үйіміз-Қазақстан Республикасында бейбітшілікті нығайтуға қосқан үлесіміз болсын!

СҚО әкімдігінің
дін істері басқармасының
басшысы Р. Қасенова