Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақалов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Өтпенов Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақалов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Өтпенов Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті

Ағымдағы жылдың 15 қазанында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақалов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Өтпенов Наурызбай қажы Тағанұлымен облыс жұртшылығының қатысуымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар қоғамдағы ұлтаралық және діни келісімді одан әрі нығайту, дін қызметкерлерінің білімі мен тәжірибесін жетілдіру туралы пікір алмасты.

«Қызылжар» облыстық орталық мешітінің бас имамы – Әділбеков Хамзат Қажымұратұлы. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі бас имамды тағайындалуымен құттықтап, табыс тіледі.

Сонымен қатар, К.И. Ақсақалов Бас имам қызметінде 8 жыл қызмет атқарған Дүйсенбай Кенжетай қажы Байқемелұлына жемісті еңбегі үшін алғыс айтып, Қазақстан мұсылмандары Діни Басқармасы Төрағасының кеңесшісі лауазымына тағайындалуымен құттықтады.