Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Өтпенов Наурызбай қажы Тағанұлы «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттермен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Өтпенов Наурызбай қажы Тағанұлы «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттермен кездесті

Ағымдағы жылдың 15 қазанда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Өтпенов Наурызбай қажы Тағанұлы «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттермен кездесті.

Кездесуді ашқан проректор Р.С. Апергенова Бас мүфти Өтпенов Наурызбай Қажы Тағанұлыға жас ұрпақты адамгершілік-патриоттық тәрбиелеуге , сондай-ақ жастарды рухани құндылықтарға баулуға баға жетпес үлес қосқаны үшін алғысын білдірді.

Бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жұмысының бағыттары туралы айтып берді.

Кездесу барысында Бас мүфти конфессияаралық және этносаралық келісімге қатысты бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасты.

Қорытындылай келе, ол ихсан ұғымына тоқталып, осы ұғымға толық түсінік берді.

Кездесу іс-шара барысында туындаған мәселелерді талқылаумен аяқталды.