Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығына арналған «Үмiт-2021» көрмесiнiң ашылуы

Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығына арналған «Үмiт-2021» көрмесiнiң ашылуы

2021 жылғы 5 қазанда Петропавл қ. бейнелеу өнерi мұражайында Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығына арналған мерейтойлық iс-шараларға арналған конкурс шеңберiнде Солтүстiк Қазақстан облысының түзеу мекемелерiндегi сотталғандар арасында «Үмiт-2021» қолданбалы қолөнер көрмесi ашылды.

Iс-шараны СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесi департаментi СҚО әкiмдiгiнiң дiн iстерi басқармасымен бiрлесiп ұйымдастырды.

Байқау қазақстандық патриотизмдi тәрбиелеу, шеберлердiң көркемдiк әлеуетiн iске асыру, қазақ ұлттық шығармашылығын дамыту мақсатында өткiзiлдi. Бiрнеше ай бойы сотталғандар байқауға дайындалды: сәндiк қолданбалы шығармашылық бұйымдарын, көркем графиканы шебер орындады.

Шақырылған қазылар алқасы шеберлердiң жұмыстарын номинация бойынша бағалады. Байқау қорытындысы бойынша жеңiмпаздар мен қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар табыс етiлдi.