Діни бірлестіктер басшыларына арналған семинар

Діни бірлестіктер басшыларына арналған семинар

Бүгін Дін істері басқармасы облыстың діни бірлестіктер басшыларының, сондай-ақ Петропавл қаласы аумағындағы діни объектілер басшыларының қатысуымен семинар ұйымдастырды және өткізді.

Семинар жұмысына Солтүстік Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері қатысты. Іс-шараны басқарма басшысы Р. И. Қасенова ашып жүргізді.

Кездесу барысында дін саласындағы ағымдағы жағдай, вакцинация, Мемлекеттік қызмет көрсету, шектеу іс-шараларын сақтауды қамтамасыз ету және ұлттық халық санағына белсенді қатысу мәселелері қаралды.

Семинарға қатысушылар пікір алмасып, барлық қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.